Жаңалықтар

«Fly Arystan» әуекомпаниясының паркі жаңа әуе кемесімен толықты

Бұл ұшақ авиакомпания паркіндегі 12-ші кеме және сыйымдылығы 188 орны бар алғашқы борт
«Fly Arystan» әуекомпаниясының паркі жаңа әуе кемесімен толықты
Фото: gov.kz 01.10.2022 17:06 2709

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтің тапсырмасы бойынша Азаматтық авиация комитеті қазақстандық авиакомпаниялармен бірлесіп, әуе кемелер паркін өсіру, тасымалдау сыйымдылығын ұлғайту және рейстердің кешігу санын азайту жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Бүгін түнде «Fly Arystan» әуекомпаниясының «А320nео» жаңа әуе кемесі келді. Бұл ұшақ авиакомпания паркіндегі 12-ші кеме және сыйымдылығы 188 орны бар алғашқы борт (әуекомпанияның қалған кемелерінің  сыйымдылығы 180 орын).

Осылайша, ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап қазақстандық әуекомпаниялар үшін сыйымдылығы 174-тен 189 орны бар алты әуе кемесі алынды.

Әуе кемесін пайдалануға беру әуекомпанияның тасымалдау сыйымдылығына, кесте мен билет ұсыныстарының уақытылы орындалуына оң әсерін тигізеді.

Ағымдағы жылдың соңына дейін қазақстандық әуекомпаниялар қосымша сегіз ұшақ алмақ, бұл тасымалдау сыйымдылығын 20%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстан әуекомпаниялардың әуе паркін кеңейту бойынша жұмыс жалғасуда және Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға