ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесуде екі жақ қазақстандық оқушыларды FLEX бағдарламасы бойынша оқыту, педагогтердің біліктілігін арттыру және мұғалімдерге арналған сертификаттар мен курстарды тану мәселелерін талқылады.
«Елдеріміз арасында білім беру саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық орнатылып, білім берудің барлық деңгейінде бірден бірнеше жоба іске асырылып жатыр. Біз әртүрлі тәжірибе алмасу бағдарламаларын құп көреміз, мысалы, FLEX арқылы 2 000-нан астам оқушы АҚШ мектептерінде оқыды. Ағылшын тілін дамыту - тиімді бағдарламалардың бірі. Бағдарлама қатысушылары ұйымдарымызда ағылшын тілін үйретеді. Сондай-ақ STEM және инклюзивті білім беруді дамыту бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Барлық бағыт бойынша алдағы уақытта ынтымақтастығымыз нығая түсетініне сенемін», - деп айтты Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.
FLEX бағдарламасымен 2 000-нан астам оқушы АҚШ мектептерінде оқыды
Оқи отырыңыз
30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев23 Сәуір, 17:09
Ерте қартайған Нұржан: Бір кездері ел шулаған тағдыр бүгінде қалай өзгерді?23 Сәуір, 11:31
Қазақстандағы ең ерекше кітапханалар: тарихы мен бүгінгі келбеті9 Сәуір, 10:00
Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды