Жаңалықтар

Физикадан Азия олимпиадасында қазақстандық оқушылар топ жарды

Физикадан Азия олимпиадасында қазақстандық оқушылар топ жарды
Фото: El.kz 28.05.2023 19:48 549

Физикадан Азия олимпиадасында қазақстандық оқушылар топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Зияткерлік мектептердің екі оқушысы әлемдегі үздік жас физиктердің қатарына енді. Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Ерсұлтан Пітебай Asian Physics Olympiad-тың (APhO) жеңімпазы атанып, алтын медальды иеленді. Ол былтыр Үндістанда өткен сайыста қола медаль алған болатын.

Физикадан Азия олимпиадасында қазақстандық оқушылар топ жарды

Ал Ақтөбедегі Зияткерлік мектеп оқушысы Әлішер Еркебаев Азия олимпиадасының қола жүлдесін екінші мәрте еншіледі. 

Физикадан Азия олимпиадасында қазақстандық оқушылар топ жарды

APhO – Азия-Тынық мұхиты елдері оқушылары арасында 2000 жылдан бері өткізіліп келе жатқан беделді білім бәйгесі. Биылғы олимпиада Монғолияның астанасы Ұланбатыр қаласында өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға