Жаңалықтар

Филиппин елінде жер сілкінісі болды

Филиппин елінде жер сілкінісі болды
13.08.2023 09:17 404

Филиппиннің солтүстік бөлігіндегі Батанес провинциясында магнитудасы 5,7 шамасындағы жер сілкінісі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Аталған дүмпу жергілікті таңертеңгі 09:43-те Сабтанг қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 38 шақырымдай жерде 10 шақырым тереңдікте байқалды. Жер сілкінісі Илокос Норте провинциясында да сезілген көрінеді. 

Елдегі сейсмологиялық институт жер сілкінісінің афтер сілкіністерді тудырғанымен зиян келтірмейтінін мәлімдеді.

Филиппин Тынық мұхитындағы «От сақинасының» бойында орналасқандықтан бұл елде сейсмикалық белсенділік жоғары. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға