Жаңалықтар

FIFA президенті Қазақстан қақпасына үш гол соқты

FIFA  президенті Қазақстан қақпасына үш гол соқты
Фото: instagram.com/kff_team 05.05.2023 13:33 1033

Футбол үйінде Қазақстан футбол федерациясы мен Халықаралық футбол федерациясы арасында жолдастық кездесу өтті.

Ойын 4:4 есебімен тең аяқталды. FIFA командасы сапында Джанни Инфантино хет-трик жасаса, ҚФФ сапында Әділет Барменқұлов, Магомед Адиев, Ғани Қайназаров, Рафаэль Гарибян гол соқты.

Гол соққандар:

Гарибян, (0:1). Маммадов, (1:1).Барменқұлов, (2:1).Қайназаров, (3:1).Инфантино, (3:2).Инфантино, (3:3).Адиев, (4:3).Инфантино, (4:4).

ҚФФ: Бағдат Қасенов (қ), Әділет Барменқұлов (к), Олжас Абраев, Рафаэль Гарибян, Магомед Адиев, Ғани Қайназаров, Руслан Балтиев, Рикардо Кака, Болат Адамбеков, Қайрат Нұрдәулетов, Вахид Масудов, Бегайым Қырғызбаева, Асқар Әбілдаев.

ФИФА: Валерий Ситало (қ), Джанни Инфантино (к), Эльхан Маммадов, Матиас Графстром, Федерико Равиглионе, Юрий Джоркаефф, Сандживан Баласингам, Донато Албанезе, Джанни Манка, Мария Ялова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға