Жаңалықтар

ФИФА әлем чемпионатының логотипін таныстырды

ФИФА әлем чемпионатының логотипін таныстырды
Фото: ©AP/Jae C. HONG 19.05.2023 02:07 485

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) өзінің ресми сайтында АҚШ, Канада және Мексикада өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатының логотипін ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Логотипте әлем чемпионатының кубогы 26 түстің ортасында орналасқан. Ол Лос-Анджелестегі (АҚШ) ресми іс-шарада ұсынылды.

ФИФА жақын арада әлем чемпионатының матчтарын өткізетін АҚШ, Канада және Мексиканың 16 қаласының әрқайсысының логотиптері көпшілікке таныстырылатынын хабарлады.

2026 жылы әлем чемпионатына алғаш рет 48 команда қатысады. Бұған дейін әлем біріншіліктерінде 32 құрама ойнаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға