Жаңалықтар

Фастфуд жеп арықтаудың әдісін білесіз бе?

Фастфуд жеп арықтаудың әдісін білесіз бе?
Фото: El.kz / Артем Чурсинов 05.06.2023 03:31 444

Ресейлік диетолог Елена Соломатина фастфуд жеп, бірақ салмақ қоспау әдісін атады. Ол дұрыс тамақтанусыз да арықтауға болатынын, ол үшін калорияны азайту керек екенін алға тартты. Дегенмен маманның сөзіне қарағанда, мұның ағзаға пайдасы жоқ.  

Адамдар фастфуд пен тәттілерден арықтайтыны бұрыннан белгілі. Кеңес жылдарында қыздар тоқаш диетасын қолданып, артық салмақтан арылған. Бастысы, килокалория қоспас үшін, тек белгілі мөлшерде жеу керек, - деп түсіндірді дәрігер.

Соломатина салмақ жоғалтудың алғашқы 90 күнінде адам көп сұйықтық жоғалтатынын айтты. Егер ол бір уақытта спортпен шұғылданса, онда май массаларының бір бөлігі энергияға айналады да, бұлшықет көлемі ұлғаяды.

Дегенмен картоп пен гамбургер диетасының теріс әсері бар екенін ұмытпаған жөн. Атап айтқанда, бұл гипертонияға әкелуі мүмкін.

Бұған дейін рак клеткаларының өсуін тежеу үшін майлы балық, сарымсақ, жұмыртқа және басқа да тағамдарды көбірек жеу керек екені айтылған. Онкологтың айтуынша, салауатты диета 30 пайыз ақуызды тағамнан және 70 пайыз өсімдік тектес тағамнан тұруы керек. Сонымен қатар шамадан тыс майлы немесе қантты тағамдар ішектің немесе асқазанның қатерлі ісігін тудыруы мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға