Жаңалықтар

Facebook-те 24 сағат отыратын Ерлан Саиров блогерлер туралы заң керегін айтты

Facebook-те 24 сағат отыратын Ерлан Саиров блогерлер туралы заң керегін айтты
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 03.05.2023 13:39 1539

Әлеуметтік желіде белсендімін деген депутат Ерлан Саиров елімізде блогерлерге қатысты заң жетіспейтінін айтты, деп хабарлайды  El.kz  ақпараттық агенттігі.

Қазіргі таңда Еуропа одағындағы Германия, Франция және Англиямен қатар бірқатар елдер блогерлердің қарым-қатынасын реттеп жатыр. Біздің елге де осындай шаралар жетіспейді. Біз де осы мәселені күн тіртібіне қоюымыз керек. Халықаралық тәжірибеде әлеуметтік желіні пайдаланушылар жөніндегі  заңдық тәжірибені біздің елімізде де қамту керек, - деп түсіндірді депутат. Мәжіліс кулуарында.

Сондай-ақ, ол әлеуметтік желідегі бірқатар блогерлерді оқитынын айтты.

Facebook әлеуметтік желісінде отыратындардың көбісін оқимын. Инстаграм желісінде отырамын, жазамын, бірақ блогерлерді көп оқымаймын. Facebookжелісін 24 сағат пайдаланамын және оқимын. Ол жерде жалған ақпарат таратып жатқандарды өз басым байқамадым, - деді Ерлан Саиров.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@el.kz)

Бүгінгі Мәжіліс отырысында депутат Анас Баққожаев еліміздегі блогерлердің мәртебесін айқындау туралы бастама көтерген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға