Жаңалықтар

Exit poll: Демократия институты - 79,4%

Exit poll: Демократия институты - 79,4%
06.06.2022 00:28 920

Демократия институты: 79,4% референдумға қатысушы ел Конституциясына Президенттік түзетулер пакетін қолдады,- El.kz сайты BAQ.KZ cілтеме жасап.

Бүгін өткен референдум аясында КТК телеарнасы «Демократия институты» ҒЗҚ өз бастамасымен өткізген exit poll – сайлау учаскелерінен шығу кезіндегі сауалнамаға ақпараттық қолдау көрсетті. Институт интервьюерлері дауыс беру күні 15000 адамнан сұхбат алды.

Сауалнама Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы, барлық облыс орталықтарындағы, ірі және шағын қалалардағы, сондай-ақ ауылдық елді мекендердегі 375 сайлау учаскесінде жүргізілді. Іріктеме қателігі ±2,7%.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға