АҚДМ вице-министрі Евгений Кочетов Қазақстандағы БҰҰ-ның елдік кеңселерінің басшыларымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Кездесуге Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының басшысы Мария Доценко, БҰҰ-ның халық саласындағы қорының (UNFPA) атқарушы өкілі Райымбек Сисемалиев қатысты.
Жиын барысында министрліктің осы құрылымдармен 2023 жылға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары қаралды.
Өз сөзінде вице-министр Евгений Кочетов мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында басшылық лауазымдарға тағайындау кезінде әйелдерге арналған 30% квотаны енгізу жөніндегі Мемлекет басшысы тапсырмасының орындалуы бойынша айтты.
Сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жанжалдардың алдын алу мен реттеуге, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әйелдердің тең құқылы және жан-жақты қатысуы жөніндегі 1325 қарарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы мәлімдеді.
Жүздесуде тараптар бірлескен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара ниет білдірісті.
Евгений Кочетов «БҰҰ-әйелдер» құрылымының басшысымен кездесті
Оқи отырыңыз
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?