Жаңалықтар

ЕҰУ Еуропа мен Түркияның үздік жоғары оқу орындарында оқу гранттарын жеңіп алды

ЕҰУ Еуропа мен Түркияның үздік жоғары оқу орындарында оқу гранттарын жеңіп алды
Фото: © ЕҰУ 07.01.2024 16:20 537

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2024-2027 жылдарға арналған Эразмус+ (ICM) халықаралық бағдарламасының 38 грантын жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Академиялық ұтқырлық аясында ЕҰУ қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері Еуропа мен Түркияның үздік жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алды. Оның ішінде Гент университеті (Бельгия), Бордо университеті (Франция), Рур университеті (Германия), Нидерланды бизнес Академиясы (Нидерланды), Мармара университеті (Түркия), Хаэн университеті (Испания) бар.

ЕҰУ жыл сайын Эразмус+ жобалары мен бағдарламаларына қатысады. 2023 жыл ұлттық университет үшін алыс шет елдердің жоғары оқу орындарымен әріптестікті іске асыру шеңберінде жемісті болды.

ЕҰУ оқытушылары мен білім алушылары үшін Австрия, Германия, Бельгия, Чехия, Греция, Испания, Хорватия, Франция, Литва, Латвия, Нидерланды, Польша, Румыния, Словения, Словакия, Түркия сияқты елдерде тағылымдамадан өтуге, оқуға, дәріс оқуға және тәжірибе алмасуға жол ашылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға