Жаңалықтар

Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне кімдер шықты. Толық тізім

Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне кімдер шықты. Толық тізім
Фото: instagram.com/liverpoolfc 15.12.2023 12:00 691

Еуропа лигасының плей-офф кезеңінің барлық қатысушысы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Топтық кезеңнің алтыншы турының матчтары аяқталды.

Өз тобында жеңімпаз атанғандар: «Вест Хэм», «Брайтон» және «Ливерпуль» (Англия), «Рейнджерс» (Шотландия), «Аталанта» (Италия), «Вильярреал» (Испания), «Байер» (Германия) «Славия» (Чехия). Бұл клубтар 1/8 финалға тікелей жолдама алды.

Плей офф текетіресінде «Фрайбург» (Германия), «Олимпик», «Тулуза», «Ренн» (барлығы – Франция), «Спарта» (Чехия), «Спортинг» (Португалия), «Рома» (Италия) мен «Карабах» (Әзербайжан).

Оларға Чемпиондар лигасында өз тобында үшінші орын алған клубтар қосылады: «Галатасарай» (Түркия), «Ланс» (Франция), «Брага» және «Бенфика» (Португалия), «Фейеноорд» (Нидерланд), «Милан» (Италия), «Янг Бойз» (Швейцария) және «Шахтер» (Украина).

Еуропа лигасының плей-офф кезеңінің жеребесі 18 желтоқсанда тартылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға