Жаңалықтар

Еуро-2024: Қазақстан құрамасы Словенияға есе жіберді

Еуро-2024: Қазақстан құрамасы Словенияға есе жіберді
Фото: instagram.com/kff_team 24.03.2023 09:08 454

Футболдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін Словенияға қарсы матчпен бастады, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі.

Н тобындағы алғашқы тур матчындағы ойын «Астана Аренада» өтті.

Ойынның 24-минутында Қазақстан құрамасы алға шықты. Максим Самородов сол қанаттан әуелеген допты голға айналдырды. Осы голдың арқасында қазақстандықтар үзіліске жеңімпаз ретінде кетті.

Еуро-2024: Қазақстан құрамасы Словенияға есе жіберді

Бірақ екінші таймда бәрі өзгерді. 47-минутта Давид Брекало таразы басын теңестірді. Ал 78-минутта Зан Випотник словениялықтардың екінші голын соқты.

Өкінішке қарай, ойынның соңына дейін алаң иелері есепті теңестіре алмады. 1:2 – Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеуін жеңіліспен бастады.

Еуро-2024: Қазақстан құрамасы Словенияға есе жіберді

Енді қазақстандықтар 26 наурызда өз алаңында Данияны қабылдайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға