Жаңалықтар

Euro-2024: Криштиану Роналду Португалия құрамасына жеңіс сыйлады

Euro-2024: Криштиану Роналду Португалия құрамасына жеңіс сыйлады
Фото: instagram.com/cristiano 21.06.2023 10:30 530

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында төртінші тур мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

J тобында сынға түсіп жатқан Португалия құрамасы бұл турда да жеңіске жетті. Олар сырт алаңда Исландиямен шеберлік байқасқан еді. Кездесу тағдырын шешкен жалғыз гол 89-минутта Криштиану Роналдудың еншісіне жазылды. Осылайша 38 жастағы футбол жұлдызы өзінің әлі де бабында екенін дәлелдеді.

Бұл топта Босния және Герцоговина өз алаңында Люксембургке 0:2 есебімен жол берсе, Лихтенштейн Словакиядан 0:1 есебімен жеңілді.

Бесінші турдың ойындары 7, 8, 9 қыркүйек күндерінде өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға