Жаңалықтар

Еуро-2024: Германия Шотландияны ойсырата жеңді

Еуро-2024: Германия Шотландияны ойсырата жеңді
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 15.06.2024 09:39 531

Футболдан Еуропа чемпионатының алғашқы кездесуінде жанкүйерлер алты бір голға куә болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Германия мен Шотландия кездескен матчта алаң иелері қонақтарға ешбір мүмкіндік қалдырмады. О бастан-ақ фаворит саналған Юлиан Нагельсман өз жерінде өтіп жатқан турнирдің тұсаукесер матчында қарсылас қақпасына бес гол соқты – 5:1.

Ойын бастала салысымен қауіпті шабуылдар ұйымдастырған Германия 10-минутта есеп ашқан, гол авторы – Флориан Вирц. 19-минутта Джамал Мусиала есепті еселеді. Бірінші тайм соңында Шотландия қорғаушысы Райан Портеус өз айып алаңында неміс капитаны Илкай Гюндоганды аяғынан теуіп құлатып, «қызыл қағазбен» алаңнан қуылды. Ал пенальтиді орындаған Кай Хавертц мүлт кеткен жоқ.

Екінші таймда он ойыншымен қалған Шотландия негізінен қорғанумен болды. Ал Германия шабуылын үдете түсті. 68-минутта Никлас Фюллькруг есепті 4:0-ге жеткізсе, 87-минутта Рюдтгер өз қақпасына гол соғып, шотландиялық жанкүйерлерді бір қуантты. Десе де 90+3 минутта Эмре Джан дәл соққымен көзге түсіп, қорытынды нәтижені шығарды – 5:1.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға