Жаңалықтар

Euro-2024: Еуропа Чемпионатының жеребесі тартылды

Euro-2024: Еуропа Чемпионатының жеребесі тартылды
Фото: aa.com.tr 03.12.2023 10:43 797

Еуропа Чемпионатына қатысатын барлық команданың қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасының плей-офф кезеңі арқылы жолдама алса, F тобында Португалия, Түркия және Чехия құрамасына қарсы ойнайды.

📆Құрлықтық дода 2024 жылдың 14 маусымы мен 14 шілдесі аралығында Германияның Берлин, Дортмунд, Дюссельдорф, Франкфурт-на-Майне, Гельзенкирхен, Гамбург, Кёльн, Лейпциг, Мюнхен, Штутгарт қалаларында өтеді.

EURO-2024 футбол додасының толық жеребесі:

А тобы: Шотландия, Швейцария, Германия, Венгрия,

В тобы:  Хорватия, Италия, Испания, Албания.

С тобы: Англия, Дания, Словения, Сербия.

D тобы: Франция, Австрия, Нидерланд, A плей-офф іріктеуінің жеңімпазы.

Е тобы: Бельгия, Румыния, Слования, В плей-офф іріктеуінің жеңімпазы.

F тобы: Португалия, Түркия, Чехия, С плей-офф іріктеуінің жеңімпазы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға