Жаңалықтар

Еуро-2024: елге оралған Қазақстан құрамасын жанкүйерлер әуежайдан күтіп алды

Еуро-2024: елге оралған Қазақстан құрамасын жанкүйерлер әуежайдан күтіп алды
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ 21.11.2023 14:50 1085

Еуро-2024 аясында сырт алаңда Словениямен ойын өткізген Қазақстан құрамасы елге оралды. Футболшыларды жанкүйерлер мен тілшілер қауымы, басшылық өкілдері елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан күтіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еуро-2024: елге оралған Қазақстан құрамасын жанкүйерлер әуежайдан күтіп алды

Магомед Адиев бастаған құрама жігіттерінің көңіл күйі жоқ екені көрініп тұрды. Қалай дегенмен Еуропа біріншілігіне бір қадам жетпей сүріндік. Сөйте тұра ойыншыларымызды жазғыра алмаймыз. Финалға лайық матчта құрама өкілдері аянып қалған жоқ, соңына дейін күресті. Өкінішке қарай, алаң иелері соңғы минуттарда жеңісті жұлып алды.

Еуро-2024: елге оралған Қазақстан құрамасын жанкүйерлер әуежайдан күтіп алды

Сонымен, құраманы туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев арнайы күтіп алып, құттықтау сөз сөйледі. Министр бүкіл командаға жасыл алаңдағы жанкешті ойыны үшін алғысын жеткізді:

Еуро-2024: елге оралған Қазақстан құрамасын жанкүйерлер әуежайдан күтіп алды

Сіздер бүкіл қазақ халқына, тіпті футболдан, жалпы спорттан алыс жандарға естен кетпес ерекше әсер, эмоция сыйладыңыздар. Өз ойындарыңыз арқылы жанкүйерлердің отандық футболға деген сенімін қайтарып, еліміздің халықаралық аренадағы имиджін көтердіңіздер. Кеше түнде бүкіл ел ұйықтамай, сіздер үшін теледидар алдында тақым қысып, жанкүйер болды. Сіздер бұл додада үлкен ерлік жасап, қазақ халқын бір мақсат аясына ұйыстыра алдыңыздар. Бұл ерліктеріңіз көпке үлгі, мыңдаған жас бала сіздер сияқты болуды, болашақта ұлттық құрама сапында ойнауды армандайды. Қазақ халқына үлкен қуаныш сыйлағандарыңызға көп рахмет, жігіттер! - деді Маржықпаев.

Еуро-2024: елге оралған Қазақстан құрамасын жанкүйерлер әуежайдан күтіп алды

Ал федерация президенті Әділет Барменқұловтың айтуынша, құраманың бүгінгі деңгейге жетуі, тіпті азулы қарсыластардың өзі санасуы ең алдымен ұйымшылдықтың арқасы.  

Еуро-2024: елге оралған Қазақстан құрамасын жанкүйерлер әуежайдан күтіп алды

Бізге тек жеңіс керек болды. Жігіттердің барын салғанын көрдіңіздер. Әттегенай бар. Бірақ ұлттық құраманы Еуропа сыйлайтындай жағдайға жеттік. Словения Қазақстанды ұтқанда, әлем біріншілігінде топ жарғандай қуанды. Бұйыртса, Еуропа біріншілігіне қатысуға мүмкіндік бар: 100 пайыз демесем де, қатысатынымызға сенімдімін, сол үшін барымызды саламыз. Өз басым жігіттерге ризамын, енді еңсені көтеріп, жұмыс істеу керек. Магомед Адиевке келсек, бас бапкер өз міндетін атқарып жатыр, келісімшарттың мерзімі аяқталғанша әлі уақыт бар, 2026 жылға дейін жасалған, сондықтан ол жұмысын жалғастыра береді, - деді Барменқұлов.

Еуро-2024: елге оралған Қазақстан құрамасын жанкүйерлер әуежайдан күтіп алды

Ерекше ықыласпен күтіп алған жанкүйерлер еңсесі түсіп келген футболшыларымыздың бойы тіктеуіне сәл де болсын әсер еткен секілді. Әуежайға жиналған қауым жігіттерге жігер беретін сөздер жазылған баннерлермен келіп, құрмет ретінде жанды дәліз жасап, сап түзеді.

Еуро-2024: елге оралған Қазақстан құрамасын жанкүйерлер әуежайдан күтіп алды

Еуро-2024: елге оралған Қазақстан құрамасын жанкүйерлер әуежайдан күтіп алды

Еуро-2024: елге оралған Қазақстан құрамасын жанкүйерлер әуежайдан күтіп алды

Бапкерлер штабы мен футболшылар да іріктеу кезеңінде құрамаға қолдау көрсеткен, демеп жатқан қазақстандықтарға алғысын жеткізді.

Бас бапкер Магомед Адиев тіпті сырт алаңдағы ойындарда да жалғызсыратпаған жанкүйерлердің қолдауын сезіндік дегенді алға тартты. Магомед Мұсаұлы Еуропа біріншілігіне шығу үшін тыңғылықты жаттығу жүргізіп, Грекиямен ойында барын салатынын жеткізді:

Еуро-2024: елге оралған Қазақстан құрамасын жанкүйерлер әуежайдан күтіп алды

Ең алдымен, жанкүйерлерге алғысымды айтамын. Құраманың бүгінгідей нәтижеге жетуі сіздердің де арқаларыңыз. Команда топтағы шешуші матчты сырт алаңда өткізгеніне қарамастан, бүкіл елдің қолдауын сездік. Жігіттерге «мойымаңдар, сендер қазақтың батырысыңдар» дедім.

Еуро-2024: елге оралған Қазақстан құрамасын жанкүйерлер әуежайдан күтіп алды

Құраманың көшбасшы ойыншыларының бірі Абат Айымбетов те жолдама үшін таласта барын салып бағатынын алға тартты.

Жанкүйерлерге шын алғыс! Жылы лебіздеріңізді оқып, көріп жатырмыз. Тікелей жолдама аламыз деп едік, сол үшін тынбай еңбек еттікк, соңғы екі жылда көп жұмыс атқарылды. Өкінішке қарай, сәл ғана жетпей қалды. Сондықтан да іште өкініш бар, бірақ бұл соңы емес. жолдамаға қол жеткізуге тырысамыз, - деді Айымбетов.

Еуро-2024: елге оралған Қазақстан құрамасын жанкүйерлер әуежайдан күтіп алды

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу турнирі аясында Словения футболшыларымен кездесіп, аса тартысты өткен ойында қарсыластарына 2:1 есебімен жол берді. Құрама сапындағы жалғыз голды Словенияның «Копер» клубында ойнайтын Рамазан Оразов соқты.

Футболшыларымыздың Еуропа біріншілігіне өтуге әлі де мүмкіндігі бар. Енді 2024 жылғы наурызда Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде арқылы бақ сынайды. Қарсыласымыз – Грекия құрамасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға