Жаңалықтар

Euro-2024: Бүгін Қазақстан құрамасы Словениямен кездеседі

Euro-2024: Бүгін Қазақстан құрамасы Словениямен кездеседі
Фото: prosports.kz 23.03.2023 10:06 1191

Бүгін Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясындағы алғашқы матчын өз алаңында Словенияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Prosports.kz. сайтына сілтеме жасап.

Екі құрама да үш ұпай алу үшін барын салары анық. Өйткені іріктеу турнирін жеңіспен бастау қорытынды нәтижеге оң әсер ететіні сөзсіз.

Қазақстан – Словения матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 20:50-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы көрсетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға