Жаңалықтар

Еуразиялық даму банкі қазақстандық жобаларға инвестиция көлемін ұлғайтты

Келесі жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды
Еуразиялық даму банкі қазақстандық жобаларға инвестиция көлемін ұлғайтты
Фото: primeminister.kz 06.12.2022 19:29 600

ҚР Премьер-Министрі, Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Кеңесінің төрағасы Әлихан Смайылов қаржы ұйымының басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы ЕАДБ жұмысының алдын ала қорытындылары және келесі жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.

Биыл Банк республикадағы жобаларға салынған инвестицияларды $1,2 млрд-қа дейін ұлғайтты, бұл өткен жылдың жоспардағы индикаторлары мен көрсеткіштерінен асып түсті.

2023 жылы ел экономикасының басым салаларына тағы $1,1 млрд бағыттау жоспарланып отыр.

Әлихан Смайылов кооперациялық жобалар санын арттырудың маңызды екенін атап өтті.

Өз кезегінде Николай Подгузов 2026 жылға дейін Қазақстанда жобаларды іске асыруға кемінде $3,8 млрд көзделгенін хабарлады.

«Келер жылы қаржыландыру кезінде логистикалық инфрақұрылымды дамытуға, су ресурстарымен, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге, экологиялық көрсеткіштерді жақсартуға бағытталған жобаларға басымдық беріледі», — деді ЕАДБ басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға