Жаңалықтар

Еуразия ұлттық университетінің дипломы Қытайда беріледі

Еуразия ұлттық университетінің дипломы Қытайда беріледі
Фото: ЕҰУ 29.05.2024 16:26 338

Биыл Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қытайдағы филиалы ашылады. Онда химия және биология саласындағы мамандар даярланады. Аспан асты елінің студенттеріне өз елінің аумағынан шықпай, ЕҰУ дипломын алуға мүмкіндік беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, тиісті келісімге ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов пен Нанниньск педагогикалық университетінің президенті Ли Чуанки қол қойған. Тараптар Қытайда Еуразия ғылыми-технологиялық институтын бірлесіп құруды көздеп отыр. Алғашқы қабылдау және студенттерді бакалавриат деңгейінде оқыту аспан асты елінде биылдан бастап жүзеге асады.

Қытай студенттері үшін өз елдерінің аумағында ЕҰУ дипломын алуға мүмкіндік беріледі. Біздің ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы Наньнин қаласына барып, оқу процесінжүргізеді. Біз ынтымақтастықты дамытуға және өз тәжірибемізді ҚХР-дағы әріптестерімізбен бөлісуге ниеттіміз, – деді ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов.

Айта кетейік, Қытайда бірлескен институтты ашуға дайындық жұмыстары 2 жылға созылған. Биология ғылымдары, химия және қолданбалы химия салаларында жаһандық білім беру бағдарламалары әзірленді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға