Жаңалықтар

«Этносаралық және конфессияаралық келісім — Қазақстан халқы бірлігінің негізі» атты ақпараттық кездесу

«Этносаралық және конфессияаралық келісім — Қазақстан халқы бірлігінің негізі» атты ақпараттық кездесу
12.07.2018 09:10 1753

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта. Осылайша, одан әрі ынтымақтастықты нығайту мақсатында 11 шілдеде Достық үйінде «Этносаралық және конфессияаралық келісім — Қазақстан халқы бірлігінің негізі» атты ақпараттық кездесу өтті.

Кездесу аясында мемлекеттік органдардың, соның ішінде білім, дін, кәсіпкерлік және туризм, прокуратура, тұрғын-үй шаруашылығы және Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктері мүшелерінің формальді емес жағдайда әңгімелесуі өтті.

Өз қызметтері, мәдениеттерінің айрықшалықтары туралы армян, әзірбайжан, татар-башқұрт, қазақ, украин, орыс этномәдени орталықтарының өкілдері айтып берді. Өз сөздерінде  жұмыстарының басты мақсаты — өз этностарының салттарын, дәстүрлерін, тілін, тарихын және мәдениетін сақтау негізінде этносаралық келісімді нығайту.

Осыдан басқа, кедесу аясында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының медиация кабинетінің меңгерушісі Гүлбақша  Мұсабаева сөз сөйледі. Ол жанжалдар мен дауларды реттеу үшін медиация процедурасының нәтижелі қолданылуынан мысалдар келтірді.

Іс-шараның соңында кездесуге қатысушылар «бос микрофон» форматында этносаралық келісімді  нығайту бағытындағы бірлескен жұмыс туралы пікір алмасты. Осылайша, дін істері жөніндегі  басқарманың бөлім басшысы Бағдат Нұрмұқанова этносаралық және конфессияаралық келісімнің Қазақстан халқы бірлігінің негізі екендігін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға