Жаңалықтар

Эстониялық спортшы Бозжырада аспалы арқан үстімен жүрді

Яан Роозе Бозжыра шатқалында екі жүз метр биіктікте жарты шақырым қашықтықты жүріп өтті
Эстониялық спортшы Бозжырада аспалы арқан үстімен жүрді
Фото: instagram.com/redbullkazakhstan 23.11.2022 09:24 1219

Бозжырада шатқалдар арасындағы тартылған аспалы арқанмен шетеллік спортшы жүріп өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Эстониялық слэклайнер-спортшы Яан Роозе Бозжыра шатқалында екі жүз метр биіктікте жарты шақырым қашықтықты жүріп өтті.

"Бозжыра мен үшін үлкен сынақ болды. Ол менің өмірімдегі ең күрделі, әрі әдемі жобалардың бірі. Бозжыраның суреттерін көргенде қайран қалған едім. Бұрынғы мұхиттың орны деген дерек қиялыма қанат бітірді", - дейді Яан Роозе.

Эстон спортшысының аспалы жолмен жүріп өтуіне орай түсірілім бес күнге созылған. Мұндағы мақсат — Бозжыраның туристік мүмкіндігін жаңа қырынан көрсету болып отыр.

"Бозжыра керемет жер екен. Мұндағы ерекше локацияларды көргеніме, адамның физикалық мүмкіндігі мен табиғаттың сұлулығын ұштастыра алғаныма қуанамын", - деді спортшы.

Яан Роозе слэклайнмен 12 жылдан бері айналысып келеді. Ол әлемдегі жүйкесі мықты атлеттердің бірі болуымен ерекшеленеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға