Жаңалықтар

Эстонияда парламент сайлауы өтіп жатыр

Тіркелген сайлаушылардың жартысынан көбі дауыстарын онлайн түрде берді
Эстонияда парламент сайлауы өтіп жатыр
Фото: realty.ria.ru 06.03.2023 03:17 555

Эстонияда парламент сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Тіркелген сайлаушылардың басым көпшілігі дауыстарын онлайн түрде берген.

Алдын ала деректерге сәйкес, премьер Каи Калластың билеуші реформалар партиясына сайлаушылардың 28%-ы дауыс берген. Ал оның бас қарсыласы Эстонияның Консервативті халық партиясы 18% дауысқа ие болды.  

Үкіметтік емес зерттеулердің нәтижесі елдің былтыр ішкі жалпы өнімі 1,3%-ға қысқарғанын, ал инфляция деңгейі 18,6%-ға артқанын көрсеткен. Бұл – ЕО елдеріндегі ең жоғары көрсеткіш.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға