Жаңалықтар

Есірткі жасырушыларды жауапкершіліктен босату қаралады – ІІМ

Есірткі жасырушыларды жауапкершіліктен босату қаралады – ІІМ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 11.12.2023 12:25 760

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Мәжілістің жалпы отырысында есірткі жасырушыларды жауапкершіліктен босату мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзінше, қоғамда есірткі «жасырушыларды» (закладчик) жазалаудың тым қатаңдығы туралы мәселе көтеріліп жатыр. Бұл жастар мен жасөспірімдерді осы салаға белсенді тартумен байланысты.

Егер қылмыс бірінші рет жасалса, сондай-ақ кінәлі тергеу органдарымен белсенді ынтымақтастықта болса, есірткі өткізушілерді жауапкершіліктен босату мүмкіндігі қарастырылады. Мүмкіндікті пайдалана отырып Мәжіліс депутаттарын осы түзетулерді қолданыстағы заң жобасы аясында қарастыруды сұраймын, - деді министр Ержан Саденов.

Ол бүгінде 6 кәмелетке толмаған бала сотталғанын және 26 жасөспірім жауапкершілікке тартылғанын айтты. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға