Жаңалықтар

Есірткі өсірген маңғыстаулық азамат бас бостандығынан айырылды

Есірткі өсірген маңғыстаулық азамат бас бостандығынан айырылды
30.07.2023 15:58 699

Бейнеу аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 300-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы және 296-бабының 2-бөлігі (есірткі құралдарын заңсыз сақтау және өсіру) бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Сотта анықталғандай, сотталушы Н. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап үйінің ауласында өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсірген. Сонымен қатар,одан марихуана қоспасы бар 1 бума қағаз табылып, тәркіленді. Табылған заттар айғақ хаттамамен тәркіленді.

Сот үкімімен Н. кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және 138 000 теңге айыппұл салынды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, - делінген сот хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға