Жаңалықтар

Есік қаласының әкімі пара алды деген күдікке ілінді

Есік қаласының әкімі пара алды деген күдікке ілінді
Фото: Видеодан алынған кадр 11.10.2023 15:10 654

Жергілікті атқарушы органдардың заңсыз әрекеттері бойынша азаматтардың шағымдарына жедел ден қою нәтижелерімен жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық жасауда Алматы облысы Есік қаласының әкімі әшкереленді. Бұл туралы Антикорға сілтеме жасай отырып  El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ол қаланың ойын алаңын абаттандыру жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін жеке компания өкілінен ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді, - делінген мәліметте.

Күдікті кінәні толығымен мойындады.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға