Жаңалықтар

"Ешқандай жаңашылдық жоқ": Ерболат Беделхан "Ninety One" тобы туралы ойын бөлісті

"Ешқандай жаңашылдық жоқ": Ерболат Беделхан "Ninety One" тобы туралы ойын бөлісті
Фото: instagram.com/ybedelkhan 03.10.2023 15:51 1365

Танымал әнші, продюсер Ерболат Беделхан  Ninety One тобы Orda тобының жүрген жолын қайталап келе жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Негізінде олар мықты музыканттар. Топ құрылғалы бері, балаларды жинаған кезден бастап бойындағы қасиеттерінің бәрін білдім. Біз жеке-жеке кетіп, әр қайсысымыз өзіміздің жолымызға түскен кезде жігіттердің “белгілі бір күйзелістен өтеді-ау” деп ойладым. Сол күйзелістен дұрыс өтсе жақсы болар еді. Айтқым келгені, шығармашылық күйзеліс, өнер жолы, шығармашылық таңдау мәселесі, – дейді Ерболат Беделхан.

Продюсердеп бөлініп кеткен "Ninety One" тобы ешқандай жаңашылдық жасамағанын да атап өтті.

Кез келген шешімін қолдау керек. Тағы қайталап айтайын, менің жолымды қуып келе жатыр. Қалай қарасаңыз да, мұнда ешқандай жаңашылдық жоқ.  "Orda” қандай жолдан өтсе, “Ninety One" дәл сол жолды қайталап келе жатыр. Қанша жерден ерекшеленеміз десе де, ешқандай өзгеріс жоқ. Кезінде біз де тайм-аут алдық. Бір емес, үш рет. Сондықтан бір нәрсені жаңадан құру үшін, ескіні қиратудың қажеті жоқ, – деп пікір білдірді өнер иесі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға