Жаңалықтар

«Ешқандай шындыққа жанаспайды». Асхат Аймағамбетов пен Денсаулық сақтау министрі келіспей қалды

«Ешқандай шындыққа жанаспайды». Асхат Аймағамбетов пен Денсаулық сақтау министрі келіспей қалды
Фото: Асхат Аймағамбетов / Ажар Ғиният 07.04.2023 13:04 3149

Медициналық ұйымдардың 50 пайыздан астамының кредиторлық берешегі бар. Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов Мәжіліс комитет отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Төменгі палатаның әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысына Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қатысты. Жиында депутаттар министрден медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегі туралы сұрады.

Елімізде медициналық ұйымдардың 50 пайыздан астамында кредиторлық берешегі бар. Олар дефолттың алдында деп айтуға болады. Яғни, берешекті, қарызды төлемеген деген сөз. Сонда  берешекті қалай шешеді? Бұл неге байланысты? Яғни,  бүгінгі медициналық қызметкерлерге арналған тарифтерге байланысты. Тарифтер жалпы өскен жоқ. Оның өсуі тек қана жалақы бойынша жүріп жатыр, - деді Асхат Аймағамбетов.

Депутат кейбір медициналық ұйымдарда жалақы төлеу фонды 80 пайызға дейін жетті деп отыр. Тіпті одан көп болуы мүмкін екен. Соған байланысты бюджеттің қаражаты жалақы төлеуге кетеді.

Қалған қаражат коммуналдық шығындарға жұмсалады. Сонда науқасқа берілетін дәрілері басқа да медициналық көмектер осы мәселеге байланысты қиын жағдайда,, - деді мәжілісмен.

 Дегенмен министр бұл ақпараттың ешқандай шындыққа жанаспайтынын айтты.

50 пайыз медициналық ұйымдар кредиторлық берешекте деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі таңда кредиторлық берешегі бар мекемелердің барлығы толық бақылауда, тексерілуде,, - деді Ажар Ғиният.

Министрдің айтуынша, былтыр премьер-министрдің бұйрығымен тексерілген. Соның ішінде көптеген мекемелердің басшыларының менеджментті дұрыс пайдаланбай,  әр түрлі медициналық бұйымдар немесе дәрі-дәрмектерді артық алып, қоймаларын толтырып қойып, халыққа ақша бермей отырғандарды да байқалған.

Сондықтан өзіміздің тарапымыздан бұл ұйымдармен жұмыс істеп жатырмыз. Бұл берешектер бір жылда шыққан жоқ. Былтырғы берешек емес. Осыдан 4-5 жыл бұрыңғы берешектер. Қазір әкімшілікпен біріге отырып, заңдарға, нормативтік құқықтарға қандайда бір жеңілдіктер кіргізіп, бірлесіп жауып жатырмыз, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға