Жаңалықтар

"Ешкім жауапкершілік алғысы келмеді". Көкшетауда көз жұмған жүкті әйелдің туыстары мән-жайды айтты

"Ешкім жауапкершілік алғысы келмеді". Көкшетауда көз жұмған жүкті әйелдің туыстары мән-жайды айтты
Фото: © Globallookpress 29.12.2023 16:17 981

Көкшетауда көз жұмған жүкті әйелдің туыстары жан айқайын жеткізді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.

Марқұмның туыстары дәрігерлер перинаталды орталық пен қалалық аурухана арасында он екі сағат сабылтып қойған.

Марқұмның жақындары дәрігерлер жүкті әйелді 12 сағат бойы перинаталды орталық пен қалалық аурухана арасында сабылтып қойғанын айтады. Дәрігерлер дер кезінде көмек көрсеткенде, ана мен бала аман қалатынына олар сенімді. Қайтыс болған келіншектің анасы қалалық ауруханада бірнеше сараптама алғанымен, ешкім ауруханаға жатқызбаған деп отыр.

Дәрігерлерден еш көмек болмай, әбден қажып, демі жетпей, әлсіреп, түнде үйге келді. Үйде үш-ақ сағат болды. Беті, қолы әбден көгеріп кеткен. Түнгі төрттер шамасында жедел жәрдем қызметін қайта шақырттық. Бірақ бәрі кеш болды, – дейді ол.

Марқұм Айнаштың жолдасы  ешкім өзіне жауапкершілік алғысы келмегенін жеткізді. Ал Облыстық денсаулық сақтау басқармасы  көпсалалы қалалық ауруханада науқас ауруханаға жатуға келіспегенін айтады. Марқұмның туыстары денсаулық сақтау басқармасы мамандарының сөзімен келіспей отыр.

Оның артында екі ұлы қалды. Тұңғышы 8-де, ол аутизм дертіне шалдыққан. Кішкентайы 2 жасқа таяған екен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға