Жаңалықтар

Ержан Саденов «Динамо» спорт қоғамының төрағасы болып сайланды

Ержан Саденов «Динамо» спорт қоғамының төрағасы болып сайланды
Фото: polisia.kz 14.10.2023 03:28 657

ІІМ-де «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамы» қоғамдық бірлестігі төралқасының отырысы өтті. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жиында спорттық қоғамдастық мүшелерінің бірауыздан қабылдаған шешімімен Ішкі істер министрі Ержан Саденов қоғамдық бірлестіктің төрағасы болып сайланды.

Ержан Саденов өңірлердегі полиция департаменттерінің бастықтарына «Динамо» филиалдарымен бірлесіп, бұқаралық спортты дамытуға белсенді қатысуды тапсырды.

Спорттық ұйымның мақсаты спортта жетістікке жету ғана емес, сонымен қатар балалар қылмысының алдын алу болып табылады. Спорт – қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алудағы негізгі құралдардың бірі. Балалар мен жасөспірімдерге арналған секцияларды көбейту қажет. Өскелең ұрпаққа көңіл бөлу – бәріміздің ортақ міндетіміз. Олардың спортқа деген қызығушылығын оятып, өз қамқорлығымызға алу арқылы балалардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік береміз, – деп атап өтті министр.

«Динамо» ұйымында 102 еңбек сіңірген спорт шебері, 253 халықаралық дәрежедегі спорт шебері және 574 Қазақстан Республикасының спорт шебері дайындалды.

Еліміздегі ұлттық құрама мүшелерінің 80%-ын осы спорт қоғамының өкілдері құрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға