Жаңалықтар

Ертісте су деңгейі күрт көтеріліп, адамдар эвакуацияланды

Ертісте су деңгейі күрт көтеріліп, адамдар эвакуацияланды
Фото: Абай облысы әкімдігі 21.01.2024 19:20 818

Абай облысындағы Ертіс өзенінің су деңгейі көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Ертіс өзенінің су деңгейі - 457 см.

Абай облысы әкімдігінің мәліметінше, Семейдегі Бейбітшілік аралынан 11 адам, оның ішінде 3 бала қауіпсіз жерге көшірілген. Сондай-ақ эвакуацияланған адамдар ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Қазіргі уақытта тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Мамандар әр 2 сағат сайын су деңгейін өлшеуге мониторинг жүргізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға