ТЖМ қызметкерлері Ертіс өзенінде екі қызды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, Семей қаласындағы Ертіс өзенінің су айдынын патрульдеу кезінде ТЖМ құтқарушылары үрлемелі матраста ағыспен алысқа ұзап кеткен екі қызға көмек көрсетті.
Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында олар жағаға жеткізілді, медициналық көмекті қажет етпеді.
Министрлік төтенше жағдай туындаған жағдайда, 112 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Әлемде алғашқы дәрігерсіз клиника жұмысын бастады