Жаңалықтар

Ертіс ормандағы өрт аумағы оқшауланды

Ертіс ормандағы өрт аумағы оқшауланды
Фото: Павлодар облысы әкімдігі 16.07.2023 17:19 786

Павлодар облысының Шарбақты ауданы «Ертіс орманы» табиғи резерватының аумағында орын алған өрт оқшауланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

16 шілде күні күндіз 14:00-де Павлодар облысының Шарбақты ауданы «Ертіс орманы» табиғи резерватының аумағында орын алған өрт аумағы оқшаулаған белгілі болды. Қазіргі уақытта орманға тиген тілсіз жауды өшіру жұмыстары кешенді түрде жалғасып жатыр. 

Алдын ала белгілі болған дерек бойынша, табиғи өрттің ауданы шамамен 850 гектарды құраған. Сондай-ақ, өртті сөндіруге 350-ден астам адам, 102 бірлік мамандандырылған арнайы техника, оның ішінде 4 МИ-8 су құятын құрылғылары бар тікұшақтар және ТЖМ Eurocopter тікұшағы жұмылдырылған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға