Жаңалықтар

«Ертіс» клубына бас бапкер тағайындалды

«Ертіс» клубына бас бапкер тағайындалды
Фото: «Ертіс» клубы 25.06.2024 03:14 418

Павлодардың «Ертіс» футбол клубына жаңа бас бапкер келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін қызметінен кеткен Сергей Якушиннің орнын Николай Гавриш басты. Бұл туралы «Ертіс» клубының баспасөз қызметі мәлімдеді. Ол бұған дейін Екібастұздағы футбол клубында бапкердің көмекшісі қызметін атқарған. 

Николай Гавриш ресми түрде «Ертістің» бас бапкері болып тағайындалды. Ол – Қарағанды қаласының тумасы. 2024 жылғы маусымды «Екібастұз» футбол командасында бас бапкердің ассистенті болып бастаған, - делінген мәліметте.

Гавриш 2021 жылы литвалық «Жальгирис» командасына бас бапкердің көмекшісі ретінде шақыртылған. Аталған командамен бірге Литва чемпионы атанып, Чемпиондар лигасының іріктеу бәсекелерінде өнер көрсетті. Одан әрі ол команда өз тарихында алғаш рет еурокубоктың топтық кезеңіне жолдама алған болатын. Ал былтыр Семейдің «Елімай» командасында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға