«Ертеңнен бастап Бозжырада түнейтін болдым»: атақты актер Чжи Чан Ук Қазақстанға келуі мүмкін

 @jichangwook
Фото: @jichangwook

Қазақстанға дораманың түсірілім жұмысы бойынша атақты актерлер Чжи Чан Ук пен Ли Су Хек келе жатыр.  Түсірілім Алматы мен Ақтау қаласында өтеді. 

Кореядағы жанкүйерлер тобы Men of the Harem дорамасының  бір бөлігі Алматы не Ақтау қаласында өтетінін жазған. Өйткені сахна үшін жұмбақ, әсерлі, мистикаға толы жер қажет болған. Содан жанкүйерлер түсірілімнің Алматы маңындағы көшпенділер қаласында, не болмаса Ақтаудағы Бозжырада өтетінін болжаған.  Әрі әлеуметтік желіде кореялық түсірілім тобының 15 күнге қосымша актерлер іздегені туралы ақпарат бар. 

 фото: VK әлеуметтік желісі

Қазақстандық жанкүйерлер актерлерді күтіп алуға дайын. Threads әлеуметтік желісінде «Ертеңнен бастап Бозжырада түнейтін болдым», «Аэропортқа осы бастан шыға берейін», «Оралдан үшеуміз аттанамыз» секілді пікір көп. 

фото: VK әлеуметтік желісі

 2025 жылы Men of the Harem дорамасына кастинг басталды. Сериал 2027 жылдың басында көрерменге жол тартады. Дорамада Сюзи, Ли Су Хек, Шин Сын Хо, Ким Дан и Ю Джон Ху басты рөлді сомдайды. Чжи Чан Ук болса бірнеше серияда бой көрсетеді.

Естеріңізде болса,  Оңтүстік Кореядағы ең жоғары рейтингке ие жобалардың бірі "Менің кішкентай бойдақ жігітім" (SBS) телешоуының түсірілімі Алматыда өтті. Түсірілімге корей актерлері Пэ Чон Нам, Ли Сон Мин, Ким Сон Гюн және Ким Чон Су қатысты. Бағдарлама Алматы қаласында, атап айтқанда Көктөбеде, Шымбұлақта, Медеуде, Көк базарда, Көлсай көлдерінде және өзге де көрнекті орында түсірілді.

Оқи отырыңыз