Жаңалықтар

Ертең елімізде телеарналар мен радио жұмыс істемейді

Ертең елімізде телеарналар мен радио жұмыс істемейді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 18.07.2023 11:51 772

Ертең, 19 шілде Қазақстанда телеарналар мен радио жұмыс істемейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазтелерадио» АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабар таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыс жүргізеді.

Оқи отырыңыз:

Осыған байланысты 19 шілде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің телерадио хабарларын тарату өшіріледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға