Жаңалықтар

Ерсін Өтебаев Астана әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды

Ерсін Өтебаев Астана әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 04.09.2023 12:40 600

Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Солтамбековтің басқа жұмысқа ауысуына байланысты жаңа орынбасар тағайындалды. Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес әкімнің орынбасары болып 45 жастағы Ерсін Өтебаев тағайындалды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқи отырыңыз:

Ерсін Өтебаевтың мемлекеттік қызметтегі өтілі 11 жылдан асады. Мамандығы – инженер-құрылысшы, құқықтану. 2012 жылдан бастап «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ (Талдықорған қаласы) маманы, 2012 жылғы желтоқсаннан 2015 жылғы 15 ақпанға дейін – облыс әкімінің ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, «Алматы облысы әкімінің аппараты» ММ (Талдықорған қаласы) маманы болып жұмыс істеді.

Соңғы 8 жыл ішінде «Астана қаласының коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ, «Астана қаласының активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ басшысының орынбасары, басшысы лауазымдарын атқарды.

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Ерсін Өтебаевтың алдына қаланы дамыту жөнінде бірқатар міндет қойды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға