
Ерлі-зайыпты шекарадан киімге жасырып 715 млн теңгені алып өтпек болған
16.06.2025 13:28
1013
Фото: Polisia.kz
Румынияның шекара қызметі елге 1,4 миллион АҚШ долларын заңсыз алып өтпек болған ерлі-зайыптыны ұстады,деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Страна.ua сайты мәлімдеді.
Ақшалай қаражат ерлі-зайыптылардың денесіне жабыстырылып, киім астына мұқият жасырылған. Ұсталғандар — 49 жастағы Украина азаматы және оның 39 жастағы әйелі.
Тексеру барысында ер адамның денесінен 810 мың доллар, ал әйелінен 590 мың доллар табылған. Құзырлы органдар аталған соманы тәркілеп, әрқайсысына 3 400 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салды.