Жаңалықтар

Ерлан Қошанов ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы болды

Ерлан Қошанов ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы болды
Фото: parlam.kz 29.03.2023 12:52 709

Amanat партиясының мүшесі Ерлан Қошанов ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ерлан Қошановтың кандидатурасын Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов ұсынды.

«Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Сіздердің және халықтың алдындағы үлкен жауапкершілік. Сондықтан өздеріңізбен бірге біздің сайлаушыларымыздың аманатын, мемлекет басшысының реформаларын жүзеге асыру үшін барлық күш-жігерім мен тәжірибемді саламын деп уәдемді беремін. Мемлекет басшысы бүгінгі сайланған Парламенттің бірінші сессиясын ашты. Біздің барлық бағдарымыз бен бағытымызды анықтап берді. Оны сапалы және тез арада іске асыру біздің ортақ міндетіміз. Ол үшін барлық мүмкіндік бар. ең негізгісі халықтың бізге деген сенімі бар. Халықтың бізге деген сенімін абыроймен атқарайық», - деді Ерлан Қошанов.

Ол осыған дейін бірінші сайланымдағы Сенат депутаты, Қарағанды облысының депутаты, Президент Әкімшілігінің басшысы, VII шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің төрағасы, AMANAT партиясының төрағасы қызметтерін атқарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға