Жаңалықтар

Ерлан Қошанов мемлекет басшысының Ресейге не үшін барғанын айтты

Ерлан Қошанов мемлекет басшысының Ресейге не үшін барғанын айтты
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 10.05.2023 13:16 1057

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеудегі парадқа қатысуының себебін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге іс-сапары барысында Ресейдің Ржев қаласында да болды. Қошановтың айтуынша Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сапарда азаматтық, перзенттік және президенттік борышын атқарып келгенін.

Бұл сапарды дұрыс сапар деп есептеймін. Екінші дүниежүзілік соғысы біздің ортақ тарихымыз. Бауырлас мемлекеттердің басшыларының барлығы Мәскеудегі парадта болды. Бұл біздің соғыста қаза тапқан ата-бабаларымызға арналған құрмет. Сондықтан бұл мәселені саясаттандырудың қажеті жоқ деп есептеймін, - деді Мәжіліс төрағасы.

Соғысқа Қазақстаннан 1,2 млн адам кетіп, олардың жартысы оралмады. Қазіргі таңда олардың көбісі Ресей жерінде жатыр. Сондықтан президент батырларымыздың жоқтаушысы ретінде батырларымыздың басына барғанын түсіндірді.

Президент алдымен Отан қорғаушылар мемориалының алдына гүл шоғын қойды. Екі ардагерге халық қаһарманы атағын беріп, Ржев қаласына барды. Ржев қаласында 22 мың қазақ батыры қаза тапқан. Өлкеде барлық батырдың есімі тасқа қашалып жазылған. Президент сол батырларымыздың басына зират орнату үшін барып, құран оқытты. Жоқтаушы ретінде барды, - деп түсіндірді Ерлан Қошанов.

Еске сала кетейік, 9 мамыр күні Екінші дүниежүзілік соғыстың 78 жылдығына орай ұйымдастырылған парадқа ТМД-ның бірқатар басшылары қатысқан болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға