Жаңалықтар

Ерлан Қарин Үкіметтегі өзгерістерге қатысты пікір білдірді

Ерлан Қарин Үкіметтегі өзгерістерге қатысты пікір білдірді
Фото: akorda.kz 05.01.2023 17:01 875

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Үкіметтегі өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әлеуметтік желілердегі реакцияларға қарағанда, соңғы кадрлық ауыс-түйістер көпшіліктің қызғушылығын тудырды. Осы орайда жаңа ведомства басшылары Асхат Оралов пен Зүлфия Сүлейменованың Президенттік жастар кадр резервінің құрамында екенін айтқым келеді. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2019 жылы құрылды. 

Қазіргі таңда Үкіметтің үш министрі резервтің мүшесі. Бүкілі 350 резервшінің 258-і әртүрлі жауапты лауазымдарға тағайындалды. Оның 34-і «А» корпусының мемлекеттік саяси және мемлекеттік қызметшілері (аппарат басшылары, комитет төрағалары). Осылайша жас мамандарды басшылық қызметке көтеру бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Кадрлық резерв жобасын одан әрі іске асыру президенттік сайлау бағдарламасының басым бағыттарының бірі, - деп жазды Мемлекеттік кеңесші. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға