Жаңалықтар

Ерлан Қарин: Әйелдер мен балалардың құқығын қорғау – Мемлекет басшысының басты назарында

Ерлан Қарин: Әйелдер мен балалардың құқығын қорғау – Мемлекет басшысының басты назарында
Фото: Akorda.kz 11.04.2024 14:42 279

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Телеграм арнасында «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заң туралы пікірінде жазды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Сенат «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заңды мақұлдады. Мемлекет басшысы 2023 жылғы Жолдауда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтуді тапсырған болатын. Көп ұзамай Мәжіліс депутаттары жаңа құжатты әзірлеуге кірісті. Бұл жұмысқа Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, сондай-ақ Ұлттық құрылтайдың мүшелері белсене атсалысты, - деді Ерлан Қарин.

Ол әйелдер мен балалардың құқығын қорғау Президенттің назарында екенін атап өтті. 

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қылмыс деп танылуы, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлері үшін жазаның күшейтілуі және отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған түрлі шаралардың белгіленуі заңның негізгі жаңашылдығы деп атауға болады. Әйелдер мен балалардың іргелі құқықтарын қорғау – мемлекеттік саясаттағы басымдықтың бірі. Бұл мәселе қашан да Мемлекет басшысының басты назарында, - деген Мемлекеттік кеңесші. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға