Жаңалықтар

Еркін күрестен Лаура Алмағанбетова Азия чемпионы атанды

Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясы мәлім етті
Еркін күрестен Лаура Алмағанбетова Азия чемпионы атанды
Фото: instagram.com/kazakhstan__wrestling 30.11.2022 09:55 1358

Еркін күрестен Азия чемпионатында 23 жасқа дейінгілер арасында алтын медаль Лаура Алмағанбетоваға берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан күрес федерациясы таратқан мәліметінше, United World Wrestling ұйымы Лаура Алмағанбетоваға арнайы хат жолдаған.

Онда Бішкекте өткен Азия чемпионатының финалында Лаурамен белдесіп, алтын медаль жеңіп алған үндістандық спортшының допингке қарсы талаптарды бұзғаны жазылған.

Осылайша чемпионаттың 57 келіге дейінгі салмақтағы алтын медалі қазақстандық спортшыға беріледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға