Жаңалықтар

Эрика Жайлауова SOFIA CUP турнирінде үздік үштікке енді

Эрика Жайлауова SOFIA CUP турнирінде үздік үштікке енді
Фото: Olympic.kz 07.04.2024 17:22 431

Көркем гимнастикадан Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан Sofia Cup халықаралық турнирінде қазақстандық Эрика Жайлауова қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Жайлауова көпсайыс қорытындысы бойынша үздік үштікке енген. Ол әлемге танымал гимнасттар, болгариялық Бориана Колейн мен Эльвира Краснобоеваға есе жіберді. 

Эрика Жайлауова төрт жаттығу қорытындысы бойынша 125.15 ұпай жинады. 

Тағы бір қазақстандық спортшы Айым Мейіржанова көпсайыста төртінші орынға табан тіреді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға