Жаңалықтар

«Ері де, әйелі де, жасы да, кәрісі де моншаға бірге түседі». Қарақатты не таңғалдырды?

«Ері де, әйелі де, жасы да, кәрісі де моншаға бірге түседі». Қарақатты не таңғалдырды?
Фото: instagram.com/karakat_a 01.02.2024 11:51 7165

Танымал өнерлі жұп Қыдырәлі мен Қарақат Германияға емделуге кеткен еді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіге жүктеген бейнежазбасында Қарақат он күнге жоспарланған сапары аяқталып, елге қайтқанын айтты.

Көздеген мақсатымыз орындалып, көңіліміз жайланды. Осыдан 10 жыл бұрын келіп едік. Мені қатты шошындырған бір-екі өмір сүру салтын айтып берейін. Бұл кісілер біз секілді аста-төк дастархан жаймайды. Қонақ келсе, ол өзінің ішкен-жегенін төлеп кетеді екен. Мұны  біздің қазақылығымызға жат дүние болғандықтан, түсіне алмадым. Тағы бір шошындырған жағдай, жасы да, кәрісі де, әйелі де, ері де балаларымен бірге моншаға түсе береді екен. Анадан жаңа туғандай жалаңаштанып, бәрі бір моншада жүреді. Алдында келгенде естігем, бірақ сенбеп едім. Осы жолы бұлар соны қалыпты жағдай деп айтып бергенде кәдімгідей шошыдым, – дейді әнші. 

Сонымен қатар, өнер иесі қыз бен жігіт кездесуге барғанда қыздың өз алған тамағын төлейтініне де таңғалысын жасырмады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға