Жаңалықтар

Ереуілге шыққан Westoil Software көлік жүргізушілерінің жалақысы - 750 мың теңге

Ереуілге шыққан Westoil Software көлік жүргізушілерінің жалақысы - 750 мың теңге
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 23.02.2024 23:29 593

Ереуілге шыққан Westoil Software көлік жүргізушілерінің жалақысы - 750 мың теңге. Ал әлеуметтік сауалнамаға қатысқан тұрғындар мұндай көлемдегі жалақыны көп адам ала бермейтінін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni-не сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Жуырда «Westoil Software» басшылығы бірнеше күннен бері жұмысқа шығудан бас тартып, ереуілге шыққан қызметкерлердің әрекетінен компания 900 млн теңге шығынға батқанын айтқан болатын. Қызметшілеріне 24 ақпанға дейін жұмысқа шықпаса, арадағы еңбек келісімшартын үзіп, орнына жұмыссыз жүрген Қарақия мен Маңғыстау облысындағы басқа аудандардың тұрғындарын алу жайлы талап қойған.

Компания талабынан кейін ереуілген шыққан 94 азамат жұмысына қайта оралған.

Ашық дереккөздерде «Westoil Software» ЖШС-да істейтін көлік жүргізушілерінің орташа жалақы мөлшері 750 мың теңге екені хабарланған.

Осыған байланысты тұрғындар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіп көрген едік. Олардың айтуынша, ондай сома – өте жоғары жалақы.

Сонымен, жауаптар легі төмендегідей:

— 750 мың теңге жақсы деп ойлаймын. Егер маған сондай көлемде жалақы берсе, риза болушы едім. 

— Шынын айтқанда, мен құрылыс саласында істеймін. 250-300 мың теңге табамын. Ол маған жеткілікті. Егер маған 750 мың теңге жалақы берсе, миллионер болатын едім. 

— 750 мың жақсы ғой. Кейбіреулер ондай да жалақы ала алмайды. Қазір жалақы аз ғой. 

— 750 мың емес, 500 мың берсе де құдайға шүкір деп айтамыз. Сол жеткілікті қазақстандықтарға. 

— Адамда қанағат болуы керек қой. 750 мың теңге жалақыға өмір сүруге болады. Адамдар ондай жалақы ала алмайды. Қазір 200-300 мың жалақы алып, несие, ипотекасын жауып жүр.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға