Жаңалықтар

Ердоғанның құлағына жеткен іс: Түркияда иесіз мысықты өлтірген адам сотталды

Ердоғанның құлағына жеткен іс: Түркияда иесіз мысықты өлтірген адам сотталды
Фото: Әлеуметтік желі 15.03.2024 10:16 1113

Ыстамбұлда Эрос есімді қаңғыбас мысықты өлтірген адам сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, бұл оқиға қоғамда қызу талқыға түсті. Мысық тұрғын үй кешенін паналайтын. Тұрғындар оны үнемі тамақтандырып жүрген. Ал 1 қаңтар күні мысық өлексесі табылды. Оны жергілікті тұрғын Ибрагим Келоглан өлтірген. Ол мысықты өлгенше тепкілеп, тұрғын үй кешенінің ауласында қалдырып кеткен. Адамдар оны бейнежазба камералары арқылы тауып алған.

Полиция қаскөйді қолға түсіріп, бұл оқиға әлеуметтік желіде кеңінен таралып кетті. Тіпті ел президенті Режеп Тайып Ердоғанның құлағына жеткен. Ол әділет министрі Йылмаз Тунчке хабарласып, мұндай жауыздыққа барған адам жазалануы керектігін алға тартты. 

Ер адам сот алдында жауап берді. Алдымен ол бір жарым жылға бас бостандығынан айырылғанымен, кейіннен үкім шартты болып өзгерді. Бұл тұрғындардың наразылығын тудырғаны соншалық, олар жаппай митингілерге шыға бастаған. 

Келоглан ісі қайта қаралып, ер адам шартты түрде екі жарым жылға сотталды, одан бөлек елден шығуға тыйым салынды. Сотта ол жүйкесі сыр бергенін айтып ақталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға