Жаңалықтар

Ердоған жер сілкінісінде зардап шеккен түркиялықтарға пәтер кілтін табыс етті

Ердоған жер сілкінісінде зардап шеккен түркиялықтарға пәтер кілтін табыс етті
Фото: © El.kz 04.02.2024 11:55 964

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған бір жыл бұрын Хатайда жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғындарға баспана кілтін табыс етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Зерттеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін жер сілкінісі болған аймақта бенефициар саны 390 мың адам болатыны анықталды. Бүгін біз 7 мың 275 азаматқа баспана кілтін табыстап жатырмыз, оның 6 мың 572-сі провинция және аудан орталықтарында, 703-і - ауылдық жерлерде, - деді Түркия президенті.

Сондай-ақ берілген уәде бойынша алдағы уақытта тағы 75 мың үй 2 ай ішінде тапсырылатынын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға