Жаңалықтар

Ердоған қазақ шенеунгін марапаттады

Ердоған қазақ шенеунгін марапаттады
Фото: ТЖД баспасөз қызметі 26.04.2023 13:00 740

Түркия астанасында елдегі жер сілкінісінің салдарын жою кезінде құтқару бөлімшелерін басқарған төтенше ведомстволардың өкілдері марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Марапатқа ие болған 80-нен астам ел өкілі арасында Қазақстаннан Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев та бар, ол зілзала салдарын жоюға көмек көрсеткені үшін медалімен наградталды. Мемлекеттік награданы Түрік Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоган табыстады.

Бауырлас Түрік халқына тағы да көңіл айтамын. Адамдардың өмірін құтқаруға қатысқан барша халыққа, құтқарушылар мен дипломатиялық корпусқа ризашылығымды білдіремін! Біз Түркия халқы жақын арада табиғи апаттың салдарын жеңеді деп сенеміз! - деді Ибрагим Күлшімбаев.

Айта кетеік, Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейін үйінділерді ашу жұмыстарына 88 елден 11 мың құтқарушы қатысты. Іздестіру-құтқару жұмыстарына қазақстандық құтқарушылар да көмектесті. Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының күштері 7 адамды құтқарды. Қаза тапқан 88 адамның, оның ішінде 10 баланың денесі шығарылды. Қазақстандық құтқарушылар қолмен, сондай-ақ инженерлік техниканы, авариялық-құтқару жабдықтарын, шанц аспаптарын тарта отырып, 250 мың текше метрден астам үйінділерді бөлшектеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға