Жаңалықтар

Ерболат Досаев: Алматының тау бөктеріндегі құрылысты ретке келтіру керек

Ерболат Досаев: Алматының тау бөктеріндегі құрылысты ретке келтіру керек
Фото: Алматы қаласының әкімдігі 09.02.2024 10:20 470

Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде жеке тұрғын үйлердің (ЖТҚ) құрылысын реттеу мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала басшысы әкімдік Алматы тау бөктеріндегі құрылысты бақылауды күшейту бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатқанын және «Тау Самалы» шағын ауданындағы қайғылы оқиға тиісті шараларды күшейту қажеттігін дәлелдегенін ерекше атады. Мәселен, 2022 жылғы маусымда мәслихат 15 градустан асатын таулы беткейлерде құрылысқа тыйым салуды ұсынды және қолдады.

Осы норма қабылданған сәттен бастап таулы жерлерде заңсыз құрылыстың анықталған 54 фактіден соттарға 45 талап-арыз берілді, оның 31-і қаланың пайдасына шешілді, 4-еуі қарастырылуда. Қалған 9-ы бойынша ескертулер жойылды немесе құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылды және сотқа талап-арыздар дайындалуда, - деді Ерболат Досаев.

Мегаполис басшысының айтуынша, Алматы әкімдігі бақылауды күшейту есебінен ретсіз құрылысқа қарсы күресте бірқатар ұсынысқа бастамашы болған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Қазіргі уақытта Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына толық сәйкес келетін және қала аумақтарын құрылыс үшін әртүрлі талапбы бар аймақтарға бөлетін егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа жобалары бекітілді.

Біз ұсынысымызды енгіздік, өйткені бүгінде ЖТҚ жай ғана хабарлау арқылы – тиісті бақылаусыз салынып жатыр. Техникалық шарттар автоматты түрде беріледі, сонымен қатар желілерге қалай қосылады деген көптеген мәселе бар. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Алматы әкімдігінің құрылыс үдерісін ретке келтіру бастамасын қолдауы туралы Мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Тек Алматыда емес, барлық жерде құрылысты ретке келтіру керек деп ойлаймыз. Жеке үй салу тұрғындарды өз баспанам болады дегенге ынталандыратын түсінемін, бірақ бәрі заңды әрі қауіпсіз болуы керек, - деді Ерболат Досаев.

Айта кетейік, 8 ақпанда түнгі сағат 2-20-да Медеу ауданы, Олимпийская көшесінің бойында техногендік топырақтың лайлануынан лай көшкіні жүргені хабарланды. Төтенше жағдай салдарынан үйлерге зақым келді. Көлемі 3200 текше метр болатын жылжыма түскен. Екі жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келген. Оқиға орнынан 4 адамның денесі табылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға